Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланысы нығая береді
12-17 мамыр аралығында Татарстанда өтетін 17-ші экономикалық форумға елімізден арнайы делегация қатысады. 96 елдің өкілдері бас қосатын халықаралық жиында негізінен инвестиция мәселесі талқыланады. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарға да басымдық берілетіні жоспарланып отыр. Бұл форум Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық серіктестікті нығайтып, бірлескен жобалардың санын арттыра түседі, дейді мамандар.
Талия Минуллина, Татарстан Республикасы инвестициялық даму
агенттігінің басшысы:
Қазақстан белсенді қатысушы. Әсіресе бизнес өкілдерінің қызығушылығы жоғары. Бірнеше рет форум алаңында Қазақстанға арналған арнайы шараларды өткіздік. Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына шетелдік инвесторлар жоғары бағасын беріп отыр.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17