Талдықорғанда патриоттық рухты дәріптейтін мурал салынды
Талдықорғанда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне «Бейбіт елдің қалқаны» атты мурал салынды. Өнер туындысында батыр бабаларымыз бен бүгінгі күннің жауынгері бейнеленген. Туынды 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай бой көтерді. Бұл – шаһардағы ғимараттарға салынған жетінші мурал. Тұрғындардың айтуынша, өнер туындысы қала келбетін ажарландырып қана қоймай, ұлттық рух пен елдік құндылықтарды дәріптейтін маңызды бастама. Шараға жиналғандар туындының тәрбиелік мәні зор екенін айтады.
Медет Тұрскелдиев, Жетісу облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:
Жас ұрпағымызды Отан сүюге, елін қорғауға әрдайым дайын болуға шақырады. Бұл — әскери-патриоттық тәрбие деп санаймын. Біз жастарға тек білім беріп қана қоймай, жүрегіне еліне, жеріне деген сүйіспеншілік рухын сіңіруіміз керек. Себебі рухы мықты жастар — биік елдің қорғаны болады деп санаймын.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15