Белгісіз вирус жоқ: Нені білген жөн?
Алматыда соңғы күндері тұрғындар арасында белгісіз вирус туралы алаңдаушылық күшейген. Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттар мен науқастардың шағымдары көпшілікті мазалауда. Ауру жоғары температура, әлсіздік және жөтелмен басталып, кей жағдайда пневмонияға дейін асқынуда. Алайда санитариялық эпидемиологиялық мамандар, алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Бұл – маусымаралық кезеңге тән қалыпты жағдай. Яғни, ауада әдеттегі респираторлық инфекциялар айналымда жүр. Ауа райының құбылуы, адамдардың тығыз қарым-қатынасы және иммунитеттің әлсіреуі вирустың таралуына әсер етеді деді. Сондықтан мамандар аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, дәрігерге қаралуға шақырады.
Гаухар Каткенова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мониторинг нәтижесі бойынша белгісіз ешқандай вирустар анықталған жоқ. Ол маусымдық айналымда бар вирус және маусымдық коронавирус анықталып жатыр. Халық дүрлігетіндей бөтен вирустар немесе басқа да бір микроорганизмдер арқылы анықталған ондай аурулар анықталып жатқан жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы