Ресейде қазақстандық жауынгерлерге құрмет көрсетілді
Ресейдің Тверь облысы, Ржев қаласында Екінші дүниежүзілік соғыста опат болған қазақстандық жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Еске алу рәсімінде делегация мүшелері жүзінші және жүз бірінші жеке атқыштар бригадаларының жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды. Бұл мемориал 2010 жылы ашылған. Гранит қабырғаның оң жағында Қазақстан картасы бейнеленген. Онда елден шақыртылған он мыңға жуық сарбаздың есімі қашалып жазылған. Сондай-ақ қазақстандық делегация Совет жауынгері ескерткішіне және Трубино ауылындағы бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде шамамен 2000 сарбаз жерленген.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17