Жетісу облысының Сарытөбе ауылындағы мектеп әбден тозған
Жетісу облысы Сарытөбе ауылының оқушылары осыдан 90 жыл бұрын салынған мектепте білім алуға мәжбүр. Бұл – 300-ден астам тұрғыны бар елді мекендегі жалғыз білім ошағы. Алайда ғимараттың әбден тозығы жеткен. Қабырғасы сөгіліп, едені отырған. Ауылдағы ағайынның мәселесін әріптесім Нұрдәулет Сыздық біліп қайтқан еді. Сюжеттен көрейік.
Сарытөбе ауылында 100-ге жуық оқушы білім алатын нысанда бұдан өзге мәселелер
де жетерлік. Іргетасы 1930 жылдары қаланған ғимараттың шатыры шұрқ тесік, жылу
жүйесі де сын көтермейді. Күн суытса, сыныптар салқындап, балалар жиі
сырқаттанатын көрінеді. Ата-аналар білім ордасының жағдайына алаңдап, жаңа
мектеп салуды сұрап отыр.
Әлібек Айбосын, ауыл тұрғыны:
Мына мектеп суық. Паравой жылымай, балалар қыста көп ауырады. Менің қызым 9-дан кейін Алматыға кетті. Көп оқушылар кетіп қалды. 11-ші сыныпта төрт-ақ бала оқып жатыр.
Серік Кәрібаев, ауыл тұрғыны:
Осы мектепті 3 жыл оқып бітірдім. Содан бері даже немерелерім оқыды осы мектепте. Мектепті қарап тұрсаң, ештеңе жоқ. Условия жоқ. Спорт залды көрсетем қазір, пол деген түсіп кеткен.
Мектепте балалардың сапалы білім алуына қажетті жабдықтар да жеткіліксіз.
Мәселен, сыныптар жалғыз интерактивті тақтаны кезектесіп қолданады.
Компьютерлер де әбден ескірген. Сондықтан оқушылар мектепке орнатылған Starlink
интернет жүйесінің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр.
Таңжарық Маратұлы, мектеп
мұғалімі:
Заман талабына сай жасанды интеллектіні үйрене алмай жатыр. Өйткені бұл компьютерлер жаңа программаны көтере алмайды, базасы. Сондықтан бір жағы оқушылардың да оқуға деген қызығушылығы сәл төмендеу.
Ал аудандағы білім саласына жауаптылар мәселе шешімін табады деп сендірді.
Айтуларынша, былтыр тамыз айында Сарытөбе ауылында жаңа мектеп құрылысына
мемлекеттік бюджетке өтінім берілген. Әзірге нысанның жобалық-сметалық
құжаттары әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынған.
Қайсар Серікқожаев, аудандық білім
бөлімінің басшысы:
2 млрд 100 млн теңгенің соммасын құрайды жаңа мектептің құрылысы. Жаңа мектеп сол 120 орындық, қазіргі заманға сай сондай мектеп болады. Бір ауысымдағы мектеп болады. Өйткені 105 бала, ол жерден 120 балаға арналған мектеп.
Жалпы Панфилов ауданында биыл 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Ал тау етегіндегі Сарытөбе ауылында алдағы екі жылда жаңа оқу ғимараты бой
көтереді, - дейді жауаптылар.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында жыл сайын 220 мың тал егетін болды
27.04.2026, 17:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті
27.04.2026, 17:27
Алматылық оқушы әлемнің үздік өнертапқыштарының қатарына енді
27.04.2026, 17:25
Зайсандықтар газ күтіп жүр
27.04.2026, 17:20
Бауыр ауысқан ағайындылардың жағдайы жақсы
27.04.2026, 17:15
Алматыда БҰҰ цифрлық шешімдер орталығы ашылады
27.04.2026, 17:13
Ауыл шаруашылығын цифрландырудың арнайы картасы әзірленуде
27.04.2026, 17:10
Елімізде агротехника өндірісі кеңейеді
27.04.2026, 17:07