Басты Жаңалықтар Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» шарасы өткізілді

Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» шарасы өткізілді

Кітап оқуды насихаттау – бұл тек мәдениетті арттыру ғана емес, саналы қоғам қалыптастырудың жолы.

Талдықорғанда «Кітап – уақыт машинасы» деген атаумен өткен шарада  интеллектуалды ойындар, поэзиялық шеру, кең көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылды. Олардың қатарында Абай Құнанбайұлы, Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауидің еңбектері де бар. Оқушылар заманауи балалар әдебиетімен және жастар арасында көп оқылған шығармалармен танысып, жасанды интеллектіге негізделген жобаларды тамашалады.
Елдана Ыбыраева, оқушы:
Мен кітап оқуды жақсы көремін және барлық балаларға кітап оқуды кеңес беремін. Маған кітап өте көп білім, өнер берді және де мен кітаптарды оқып, көптеген мәліметтер білдім.
Есболат Айдабосын, жазушы:
Ішкі діңі мықты болады, кітап көп оқитын адамның. Сондықтан мынау жастардың бойына қазірден бастап ұлттық иммунитетті берік қалыптастырып тастауымыз керек. Ұлттық иммунитеттің дәнегін осы әдебиет арқылы егіп тастауға болады.


Бөлісу