ЕуроОдақ Ресейге 20-шы пакет санкция қабылдады
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдады. Құжатқа сәйкес Ресей мұнайын тасымалдауға толық тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар 46 танкер, 60 компания қара тізімге кіргізілді. Бізбен тікелей байланысқа Ресейдегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, шектеулер ел экономикасына қалай әсер етеді?
Индира Бегайдар, тілші:
Мамандардың айтуынша, жаңа санкциялар бюджет тапшылығын ұлғайтады, қазынаға түсетін қаражат қысқарады. Өйткені Ресей бюджетінің басым бөлігі мұнайдан түсетін қаржыға байланысты. Жиырмасыншы пакетте металдардың, химиялық өнімдердің және 570 миллион еуродан асатын маңызды минералдардың импортына шектеу қойылған. Сонымен қатар, аммиак импортына квота енгізілді.
Марсель Салихов, РФ Энергетика және қаржы институтының президенті:
Ресейге қарсы жаңа экономикалық шектеулердің әсерінен доллар қымбаттап, рубльдың құлдырауына әсер етеді. Әрине Ресей мұнай экспортын тоқтатпайды. Бірақ қара алтынның шекті бағасы төмендейді. Жүздеген танкер санкциялық тізімге ілікті. Сондықтан бұл салаға салықтық жүктеме артты.
Ресейдің жалпы ішкі өнімі екі ай қатарынан
қысқаруда. Елде инфляция да он пайызға жуықтады. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс
салалары санкция салқынын сезінуде. «Көрші елдің экономикасы рецессияға жақын», - дейді сарапшылар.
Бюджет тапшылығы жылдық жоспардан асып, 4,6 трлн рубльге жетті. Сондықтан
алдағы күндері ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтеруі ықтимал.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
14.08.2026, 18:46
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Спортта шекара жоқ
14.08.2026, 17:26
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр
14.08.2026, 17:20
Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
14.08.2026, 17:19