Қожа Ахмет Ясауи кесенесін реставрациялау жалғасады
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғимаратының сыр беруі соңғы кезде ғалымдарды алаңдатып отыр. Сондықтан тарихи-мәдени ескерткішке кешенді ғылыми зерттеу жүргізілді. Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге кесененің маңызды бөлімдері жабық тұр. Тарихи нысанды реставрациялау жұмыстары қашан аяқталады? Ғалымдардың алаңдауына негіз бар ма? Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.
Әлемде теңдесі жоқ, шығыстың сәулет өнерінің жауһары саналатын Қожа Ахмет Ясауи
кесенесін сақтау мен ғылыми тұрғыда зерттеу әлі де өзекті. Ғалымдар тарихи-мәдени мұраны сақтап,
ескерткіштің түпнұсқа келбетін
қорғауды көздейді. Тарихи
деректерге сәйкес, XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимараттың
жағдайы бүгінде алаңдатарлықтай. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген
нысан соңғы жылдары Президент тапсырмасына сәйкес зерттеліп жатыр.
Нұрлан Дүкенбаев, Әзірет Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени
музей-қорығы директорының м.у.а.:
Үш жыл бойына негізі кесенедегі күмбездің жағдайы күрделенген. Төбеден әртүрлі құрылыс бөлшектері құлап, адамдардың жалпы өміріне нұқсан келтіретін болғандықтан жабылған болатын. 2023-тен бері қазір кесененің қазандық бөлмесі жабық тұр. Негізгі бөлімдердің барлығы жабық. Осы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.
Соңғы үш жылда кесененің техникалық жағдайы зерделенді. Қайтажаңғырту» мекемесі бірқатар ғалымдар
мен ресейлік рестовраторларды жұмылдырып, кесененің аумағына жүзден аса құрылғы
қойды. Олар ауаның, ылғалдың, жылудың мөлшерін, желдің бағытын және басқа
да мәліметтерді жинақтай отырып,
кесененің қазіргі жай күйін анықтады. Енді осы үш жылдық қорытындының
нәтижесінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Қазір кесененің
іші кептіріліп жатыр. Бірақ кез-кезген құбылыс тарихи нысанға әсет етпей
қоймайды дейді мамандар.
Қанат Тұяқбаев, «Қазқайтажаңғырту» РМК өндіріс бөлімінің
бас инженері:
Адамдардың әсері бар, табиғи әсерлер бар. Әртүрлі кесапаттар бар. Өте мығым, жақсы істелген ескерткіштер болсын тозу процесі өмір сияқты жалғаса береді. Сол себепті қазіргі тұрған кесенеміз өте жақсы деп айтуға болмаса да, алаңдауға негіз жоқ. Реставрация деген 2-3 жылға, 4-5 жылға созылады.
Түркі жұртына ортақ тарихи жәдігердің жайы әлемдік ғалымдардың да назарын аударды. Түркістанда осыған орай бас қосқан ТМД елдерінің
ғалымдары реставрация саласындағы заманауи әдістер мен ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін талдап, ұсыныстарымен бөлісті. Айта кетейік, қайта жөнделіп
жатқан кесенені былтыр 700 мыңдай адам
келіп иамашалаған.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды
22.04.2026, 17:35
Қарағанды облысындағы Нұра өзені жағасын тазалады
22.04.2026, 17:33
М.Шахановты Түркістан облысында ақтық сапарға шығарып салды
22.04.2026, 17:27
Әл-Фараби мұрасы – жаһандану дәуіріндегі рухани бағдар
22.04.2026, 17:22
Жаңа Конституция дербестікті нығайта түсті
22.04.2026, 17:20
Ұлттық тауарлар каталогына 24 млн тауар енгізілді
22.04.2026, 17:17
Жол жиегін қоршауға ₸2 млрд бөлінді
22.04.2026, 17:15
Биыл 9 мың шақырым жолды жөндейді
22.04.2026, 17:13