Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
Алматыда 12 жастағы бала өзінен бір жас үлкен жеткіншектің қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданындағы әскери қызметкерлер тұратын жатақханада болған. Бүгін марқұмды туыстары мен жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Жақындарының айтуынша, оқушыға тоғыз мәрте пышақ сұғылған. Олар күдіктінің заң аясында тиісті жаза алуын талап етіп отыр. Себебі 13 жастағы жеткіншек жасына байланысты ауыр жазаға тартылмайды деп алаңдайды. Қазір ол қамауға алынып, арнайы мекемеде отыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, бір-бірін танитын екі жасөспірім арасында жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен осы жатақханада дәлізінде аяқталған.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 13 жасар жеткіншек ұсталды. Қазіргі таңда мамандандырылған мекемеге тоғытылды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық тергеу амалдары жүргізілуде. Баланың іс-әрекетіне міндетті түрде құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс аясында ата-аналардың жауапкершілігі де көзделеді. Өз балаларын тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа оқу жылы: 450 мың балаға қолдау көрсетіледі
31.07.2026, 13:07
Арнайы әлеуметтік орталықта жасөспірім көз жұмды
31.07.2026, 13:05
Құрылтай құқық үстемдігін қамтамасыз етеді
31.07.2026, 13:05
12 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
31.07.2026, 13:04
Ортақ мүдде жолындағы тарихи басқосу
31.07.2026, 13:04
Чилидің кейбір аудандары тасқын мен қалың қардан зардап шекті
31.07.2026, 13:03
ІІМ дипфейк пен жалған брокерлерден сақ болуға шақырады
31.07.2026, 13:03
Президент Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
31.07.2026, 13:02