Басты Жаңалықтар Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Бүгінде балалы отбасылар республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақының бес түрін және әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы берілетін екі түрлі көмек алады. Бұл қолдау шаралары сәбидің дүниеге келуінен бастап, оның алғашқы жылдардағы күтімі мен тәрбиесіне дейінгі кезеңді қамтиды. Көпбалалы аналардың еңбегі де лайықты бағаланады. «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегерлеріне табысына қарамастан өмір бойы ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Мемлекет тұрмысы төмен отбасыларды да назардан тыс қалдырмайды. Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 34,5 мың отбасына тағайындалып, 186 мың азаматты қамтыды. Осы мақсатқа бюджеттен 10 миллиард 600 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ биылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы көбейді. Қазір бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келгенде жанұяға 164 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Ал төртінші және одан кейінгі әр балаға 272 мың теңге төленеді. Бұл жас отбасылардың алғашқы шығындарын азайтып, нәрестенің күтіміне қажетті жағдай жасауға көмектеседі.


Бөлісу