Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
Ғылым мен білім – кемел келешекке бастар басты құндылық. Жастардың ғылымға қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беру – алдыңғы буынның міндеті. Осы мақсатта Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қақпақ ауылында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары, академиктер, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Шара ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жиын алдында қонақтар оқушылардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен көркемсуреттерді тамашалады. Түрлі ғылыми жобалар мен робототехника көрмесі де келушілерді таңғалдырды. Сондай-ақ жас өнертапқыштар өздерінің тың идеялары мен инновациялық жұмыстарын таныстырды.
Жасталап Оразхан, О.Жандосов атындағы орта мектептің мұғалімі:
Президентіміздің жолдауынан бері соңғы 1-2 жылда жасанды интеллект қарқынды дамып келе жатыр. Бұл жерде тек жасанды интеллект фото-бейнематериалдармен ғана шектелмей, соларды бағдарламалау арқылы роботтар жасау, STEM кабинеттерді пайдалану, тіпті жасанды интеллектіні қазір біз робототехника экожүйеге де пайдаланып жатырмыз.
Конференцияда сөз алғандар білім мен ғылымның ел дамуындағы маңызы, ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялардың сабақтастығына тоқталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл бағыт оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім мен ғылымның іргетасы мектепте басталады ғой. Бәріміз мектепте оқыдық қой. Мектептегі алған білім бүкіл ғылым мен білімнің ең үлкен іргетасы сол. Тілімізді сақтасақ, салт-дәстүрімізді сақтасақ, ғылым мен білімді бірге алып жүрсек ел дамиды. Сондықтан еліміздің келешегінің зор екеніне мен кәміл сенемін.
Ашық диалог форматында өткен жиын да жастардың ғылымдағы әлеуеті, педагогикалық кадрларды даярлау және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері айтылды. Сонымен қатар Алматы облысының білім басқармасы, Райымбек ауданы әкімдігі мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар ауыл мектептері мен ғылым ордалары арасындағы байланысты нығайтып, білім сапасын арттыруға жол ашпақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы