Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Парламент делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Спикер қатысушыларды Ұйымның 20 жылдығымен құттықтап, ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіруді ілгерлету бойынша депутаттардың жүйелі жұмыс атқарғанын атап өтті. Ассамблея қабылдаған модельдік заңдарда ұжымдық қауіпсіздіктен бастап терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі айналымына және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет түгел қамтылған. Отырыс барысында Парламенттік Ассамблея қызметінің 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы еліміздегі маңызды саяси реформалар туралы хабардар етті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Президенттіктің алғашқы күндерінен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маңызды саяси реформаларға бастамашы болды. Жаңа Конституция олардың логикалық нәтижесіне айналды. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша, Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру Ата заңның басты мақсаты ретінде бекітілді. Адамның мүдделеріне бағытталу принципі жаңа әрі терең мазмұнмен толықты. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығына айналып отыр. Біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке өтеміз. Оған Құрылтай атауы берілді, оның мүшелері тек партиялық тізімдер бойынша сайланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы