Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
Астанада қажылық сапарын ұйымдастырамын деп 7 млн 400 мың теңгені қалтасына басқан ер адам сотталды. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлер үшін ақы алған. Алаяқтың арбауына 17 адам түскен. Арасында қарт ата-анасын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар. Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеген. Дегенмен, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Прокуратура қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгінуге кеңес береді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәслихат сайлауына дайындалып жатыр
13.11.2026, 17:02
Талдықорғанда классикалық музыка кеші өтті
13.11.2026, 14:15
«Пиноккио» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
13.11.2026, 14:14
Өскеменде электромобиль мамандарын оқытатын шеберхана ашылды
13.11.2026, 14:12
Петропавлда жедел жәрдем стансасы салынады
13.11.2026, 14:10
Нью-Дели әлемдегі ең лас қала атанды
13.11.2026, 14:08
Түркияда әскери тікұшақ құлады
13.11.2026, 14:07
Жолдауда көтерілген әлеуметтік мәселелердің маңызы зор
13.11.2026, 14:05