«Superstar Kz» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
Талай жастың жұлдызын жаққан «SuperStar KZ» жобасына іріктеу жалғасып жатыр. Бүгін мегажоба мамандары Астанадан үміткерлерді іріктеуді бастады. Ән доданың алғашқы белесінде бақ сынап жатқан жастармен тілшіміз кездесіп қайтты.
Кастингке келгендер екіұдай күйде жүр. Барлығы да қалың көрермен асыға күткен жобаның көзайымына айналуды көздейді. Кейбірі кәсіби музыкант. Енді бірі табиғи талантына сенген. Қатысушылар ішінде мемлекеттік қызметте істейтін жастар да бар.
Бекұлан Төлеуғазин, қатысушы:
Қазір мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаймын. Негізгі мамандығым қаржыгер. 4 жасымнан бастап ән айтқандықтан ән айту менің хоббим. Қобалжу бар. Көңіл күйім өте керемет.Нұрайлым Қамытбек, қатысушы:
Мен үшін өнер жол үлкен бақытқа алып келетін жол. Сондықтан осы жерге келгеніме қуаныштымын. 1:24-/ кішкене аздап қобалжу бар. барлығы жақсы болады деп сенемін.«SuperStar KZ» араға 20жылдан аса уақыт салып қайта оралып отыр! Тасада жатқан талай өнерлі жастарды елге танытты. Одан бері өмір өзгерді! Бірақ бұл жобаның негізгі өзегі өзерген жоқ. Байқаудың талап-шарттары баяғыдай.
Ләйлә Сұлтанқызы, қазылар алқасының мүшесі:
«SuperStar KZ» ол қаншама жастарға мүмкіндік берген жоба. Қазылардың негізгі жұмысы алғашқы іріктеуді өткізу және телевизиялық жобада кеңес айтып бағыттау. Арақарай көрермен өзіне ұнаған жанды таңдайды. Бізге де қызық! Көрермен кімді таңдайды екен.Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы кез келген үміткерлер қатыса алады. Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде іріктеу өтті. Астанадағы таланттарды таңдау ертеңде жалғасады. Ал, соңғысы 26 сәуірде Алматы қаласында түйінделеді.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
17.04.2026, 20:16
Жедел жәрдемнің қозғалысын картадан бақылауға болады
17.04.2026, 20:16
Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
17.04.2026, 20:15
ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
17.04.2026, 20:13
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
17.04.2026, 20:10
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 20:08
«Сөйле, сурет» атты көрме өтті
17.04.2026, 20:07