Әлемді елең еткізген басты жаңалықтар
Ақш-Иран келіссөздері апта соңында қайта өтуі мүмкін
АҚШ-Иран арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер алдағы екі күнде қайта жандануы мүмкін. мҰНЫ президент Дональд Трамп мәлімдеді. ДелегацияларДЫҢ
Исламабадқа оралуы мүмкін екенін Тегеран да, Пәкістан да, Парсы шығанағы елдері де жоққа шығармады.
Америка Иранның теңіздегі саудасын толық тоқтатты
Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы Иранның өзге елдермен теңіздегі саудасын толық тоқтатқанын жариялады. Бірақ Тегеранның ескертуінше, егер бұл блокада жалғаса беретін болса, Ислам Республикасы аймақтағы үш су жолында испорт пен экпортты бөгеуге кіріседі.
Ресей экономикасы 1,8 пайызға қысқарды
Ресей экономикасы екі ай қатарынан төмендеп, елдің жалпы ішкі өнімі 1,8 пайызға кеміген. Сондықтан бүгін Кремль басшысы үкіметті өндірісті ынталандыру үшін қосымша шара қолдануға шақырды.
Балалардың жасын анықтайтын қосымша жасалды
Еуропа одағындағы онлайн-платформаларда жасөспірімдердің жасын анықтайтын қосымша таяуда іске қосылады. Мұны Еурокомиссия президенті мәлімдеді. Айта кетсек, Австралия тәрізді бұл аймақтың кейбір елдері де әлеуметтік желіні балалардың қолдануына тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр.
Мектептегі атыстан 4 адам қаза тапты
Бүгін Түркияның Кахраманмараш провинциясындағы орта мектепте атыс болды. Соңғы мәліметке қарағанда, төрт адам қаза тауып, 20-сы жараланған. Мерт болғандардың ішінде әкесінің қаруымен оқ жаудырған оқушының өзі де бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы