Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді. Бұдан былай емтиханды ақылы негізде тапсыра беруге болады. Тек арасы 10 күннен кем болмауы тиіс. Бірақ емтихан кезінде қандай да бір заңбұзушылық болса, 1 жылға шектеу енгізіледі. Ал талапкерге жәрдемдескен тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Емтихан барысын жасанды интеллект бақылайды. Сондай-ақ автомектептерге қойылатын талап та күшейтілмек. Яғни олардың қызметін лицензиялау енгізу жоспарланып отыр. Егер жүргізушілерді даярлау сапасы төмен болса, лицензия кері қайтарылмақ. «Аталған шаралар артық шектеулерді жоюға, саланың ашықтығы қамтамасыз етуге және сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған», - дейді жауапты министрлік.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғылым мен инновацияны дамыту – Конституцияның негізгі өзегі
13.11.2026, 17:09
Жаңаөзендегі аурухананы биыл жөндеп бітеді
13.11.2026, 17:07
Студенттерді тіркеу тәртібі жеңілдеуі мүмкін
13.11.2026, 17:05
Ерекше балаларға кәсіби білім алуға тең мүмкіндік жасалады
13.11.2026, 17:04
Мәслихат сайлауына дайындалып жатыр
13.11.2026, 17:02
Талдықорғанда классикалық музыка кеші өтті
13.11.2026, 14:15
«Пиноккио» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
13.11.2026, 14:14
Өскеменде электромобиль мамандарын оқытатын шеберхана ашылды
13.11.2026, 14:12