ЭЕК наурыз мерекесін атап өтті
Еуразиялық Экономикалық комиссияда Наурыз мерекесі атап өтілді. Ұйымның Мәскеудегі штаб пәтерінде ақ дастархан жайылып, ұлттық дәстүр жаңғыртылды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Комиссияға мүше елдер ұлық мейрамды жыл сайын атап өтеді. Биыл да дәстүрден
жаңылмай, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деп, ізгі тілектерін айтып жатты.
Арнайы киіз үй тігіліп, өрнекті кілемдер жайылды.
Ернар Бакенов, ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры:
Біздің алдымызда ұйымға мүше елдердің экономикасын дамыту мақсаты тұр. Сондықтан біз үшін әрқашан ынтымақ, бірлік маңызды. Бүгін біз ұлттық мерекемізді атап өттік. Өз дәстүрімізді көрсетіп, мәдени байланысымызды тереңдеттік.
Түрлі ұлттың басы қосылған бұл күні ұлттық дәстүріміз жаңғыртылды. Наурыз-бейбітшілік
пен бауырмалдықтың мерекесі. Экономикалық комиссияда өткен шарада
өнерпаздар күй күмбірлетіп, әуезді ән
әуелетті. Келушілер этнокөрме экспозициясын тамашалады, халық қолөнері бойынша
шеберлік сабақтарына қатысты.
Арзыбек Кожошев, ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі:
Комиссия қабырғасында Наурыз мерекесін үшінші жыл қатарынан атап өтудеміз. Бұл тек табиғаттың жаңару мерекесі емес, себебі өткенге есеп беріп, болашаққа жоспарымызды айқындаймыз.
Сергей Цыпленков, ЕЭК хаттама және ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаменті
бөлім бастығының орынбасары:
Мен баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл барша адамзатқа ортақ мереке. Менің ұлтым орыс, бірақ қазақ, қырғыз халықтарының ұлттық тағамдарын жақсы көремін. Ең бастысы – бірлігіміз арта берсін.
Түркі дүниесінің тұтастығы-қаны мен жаны, діні мен ділі ортақ тамыры тереңде
жатқан ұлттардың бірлігі. Түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесі экономикалық
комиссияда да ынтымақ пен ырыстың бастауына айналды. Осылайша, береке мен
бірлік үйлескен ұжымда ұйымдастырылған ізгі бастама келер жылы да жалғасын таппақ.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06