Мордовияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды
Ресейдің Мордовия республикасы, Саранск қаласында Қазақстанның құрметті консулы кеңсесі ашылды. Ол Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында орналасқан. Мордовия республикасына жұмыс, оқу, немесе өзге де себептермен барған отандастар мәселелерін шешу үшін кеңсеге жүгіне алады. Бұл екіжақты байланысты дамытуға, кәсіпкерлердің арасында әріптестік көкжиегін кеңейтуге сеп болмақ.
Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
Қазақстан мен Мордовия ынтымақтасты бекіте түсуге әзір. Екі тарап та әріптестікті тереңдетуге мүдделі. Ал құрметті консул кеңсесі қызметі іскерлік, гуманитарлық, мәдени және білім беру байланыстарын кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз. Сондай-ақ азаматтарымыздың өзара іс-қимылымен байланысты практикалық мәселелерді шешуге көмектесетініне сенімдімін.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17