Ресейде санкция салдарынан жаппай қысқарту белең алды
Ресейде санкцияларға байланысты ірі компаниялар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін қысқартуды бастады. Мамандардың айтуынша, IT саласында 15-20%, банк секторында шамамен 20% адам жұмыссыз қалады. Құрылыс, бөлшек сауда, пайдалы қазбаларды өндіру салаларында жұмыс істейтіндер де екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін. Өйткені соңғы экономикалық шектеулерге байланысты Ресейдің мұнайы арзандаған соң, қазынаға түсетін қаражат азайды, компаниялардың салықтық жүктемесі өсті. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, әрбір тоғызыншы компания жалақы көлемін азайтпақ.
Гарри Мурадян, сарапшы:
Бұл 2025 жылдың жазындағы қысқартулардың жалғасы. Ол кезде алпауыт компаниялар қысқартуды қолға алып, тек бір мекеме 2500 адамды жұмыссыз қалдырған. Оған қоса банктерде пайыздық мөлшерлеме жоғары. Сондықтан компаниялар бизнеске қолдау көрсетуді тоқтатып, ақша үнемдеуге көшті.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05