Ливанда израильдің шабуылынан 254 адам қаза тапты
Жаһаннан бірер ақпарат. Израильдің сәрсенбі күні жасаған шабуылынан Ливанда 254 адам оққа ұшқан. Мыңнан астам адам жараланды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ел астанасы Бейруттің адам көп тұратын аудандары зардап шеккен. Израиль армиясы болса, Ливанда «Хезболла» тобына тиесілі 100-ден астам басқару орталықтары мен әскери нысандарына соққы бергенін мәлімдеді. ЦАХАЛ-дың мәліметінше, бұл - АҚШ пен Израильдің/ Иранға қарсы соғысы басталғалы жасалған ең ірі шабуыл. АҚШ пен Израиль Иранмен жасалған бітім күші Ливанға қатысы жоқ екенін қайталап айтты. Ал Ливан билігі Израиль гуманитарлық қағидаларды сақтамай, бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған әрекеттерге нұқсан келтірді деп айыптады. Бұған қоса, халықаралық қауымдастықты Израильдің озбырлығына қарсы шаралар қабылдауға үндеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы