Ыстанбұлда «Ұлы даладан Анадолыға дейін» көрмесі ашылды
Ыстанбұл
қаласында «Оғыз феномені: Ұлы даладан Анадолыға дейін» атты тарихи көрме
ашылды. Оған VI-X ғасырлардағы Жент, Жанкент және Сортөбе сияқты оғыз
қалаларының орындарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды. Қыш, металл және
ағаштан жасалған бұйымдар Қазақстан жеріндегі көне қалалардың өркениетін
айшықтап, сол замандағы ролін көрсетеді. Анадолы жеріне келіп империя құрған
оғыздардың өмір салты мен мәдениетінен хабар береді. Қызылорда облысының
бастамасымен ұйымдастырылған көрмеге ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Түркияның
мәдениет министрлігі қолдау білдірді. Осы көрме аясында Қазақстан мен Түркия
ғалымдарының қатысуымен ғылыми конференция да ұйымдастырылды. Жиында оғыз
мирасын тереңірек зерттеп, әлемге таныту мәселелері талқыланды.
Руслан
Рүстемов, Сенат депутаты:
Биыл осы шаралардың ауқымы кеңейіп, Түркия Hеспубликасының Ыстанбұл қаласында үлкен маңызды халықаралық шараға жалғасып жатыр. Жалпы6 Сыр өңірінде бұдан басқа да Жанкет мәдениетін, сондай-ақ Жетіасар мәдениетін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени құндылықтар тізіміне енгізу, Қорқыт мұраларын насихаттауға байланысты, Сауысқандық петроглифтерін ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі шараның өзі де болашақта үлкен, тың бастамаларға жол ашады деген сенім бар.
Ахмет Ташағыл, тарихшы, профессор:
Қазақстанда, Маңғыстауда, оңтүстік Қазақстанда, Сыр өңірінде оғыздардан қалған ескерткіштер өте көп. Жалпы, тек қана оғыздардың емес, бұл түркі әлемі түбінің өркениетінің негізін көрсетеді. Бұл үшін мен ризамын. Түркия мен Қазақстан арасындағы байланысты мәдениет бағытында көбейту керек. Сол үшін маңызды деймін.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09