Дағыстан су тасқынының үшінші толқынын күтуде
Дағыстанда су тасқынының үшінші толқыны күтілуде. Өңірде наурыз айының соңында төтенше жағдай жарияланған. Толассыз жаңбыр мен таудағы еріген қардың суы тасқынға айналып, өзендер арнасынан асты. Салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шегіп, алты тұрғын қайтыс болды, із-түзсіз жоғалғандар бар. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,5 миллионнан астам адам қауіпті аймақта қалып отыр. Бүгінгі күні 1,5 мыңға жуық үй су астында. Табиғи апаттың салдарын жою үшін Үкімет деңгейінде арнайы комиссия құрылды.
Жамбулат Салаватов,
Махачкала қаласының басшысы:
Барлық тұрғынды эвакуацияладық. Қосымша жұмыстар жүргізілуде. Жедел топ оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, кейбір үйлер опырылып түскендіктен, қауіп әлі де жоғары.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06