Бензин бағасы бақылауда
Жанар-жағармай құны күрт көтерілмейді. Оған жол берілмейді, деді Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бүгін Үкіметте. Алайда біртіндеп өсуі мүмкін деп отыр. Вице-министр бұған дейін де жанар-жағармай нарығы еркін айналымға жіберілгенде осындай жағдай болғанын және ол кезде баға бақылауда болғанын еске салды. Сондай-ақ бұл тек Энергетика министрлігінің ғана емес, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті әкімдіктердің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі, деді вице-министр.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Жанар-жағармай бағасының күрт өсуі болмайды. Бәлкім, шамалы өсуі мүмкін. Көрші елдерде отын бағасы айтарлықтай қымбат екенін өздеріңіз көріп отырсыздар. Бірақ бағаның бірден шарықтап кетуіне жол берілмейді деп ойлаймын.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17
Елімізде қылмыс 58%-ға азайған
23.10.2026, 17:15
Жанармайды шекарадан заңсыз өткізбек болған 430 адам анықталды
23.10.2026, 17:14
Түркістанда жаңа үйлерді пайдалануға берді
23.10.2026, 17:12