Түркиядағы Израиль консулдығын атқылады
Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Израиль консулдығына бүгін түс кезінде оқ атылды. Ғимаратқа оқ жаудырған үш адамның бірі полициямен қақтығыста оққа ұшты. Қалған екі қылмыскер жаралы күйінде қолға түсті. Түркия Ішкі істер министрі таратқан ақпаратқа сай, оқиға орнына жалға алынған автокөлікпен Измит қаласынан келген үш адам екі жылдан аса бос тұрған ғимаратқа қарай оқ ата бастаған. Сол жерде болған екі полиция қызметкері жеңіл жараланды. Көп ұзамай оқиға орнына полицияның арнайы жасақтары келіп, оқ атқандарды қолға түсірді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дәуіт Гүл, Ыстанбұл губернаторы:
Израиль консулдығы ғимараты екі жарым жылдан бері қызмет көрсетпейді. Яғни ғимарат ішінде бірде-бір дипломат немесе консулдық қызметкері жоқ. Бұл провокациялық шабуылды ұйымдастырған үш адамның да кім екендіктері анықталды. Тергеу жүріп жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06