Түркияда әлеуметтік желіге тіркелу үшін жеке куәліктің нөмірін енгізу керек
Түркияда енді әлеуметтік желіге тіркелу үшін жеке куәліктің номерін енгізу міндетті болады. Жаңа ереже туралы елдің Әділет министрі хабарлады. Оның айтуынша, қазір тиісті заң жобасы парламентте қаралып жатыр. Жақында дауысқа салынбақ. Министр жаңа құжат қабылданса, әлеуметтік желілердегі жауапкершілікті күшейтіп, фейк аккаунттармен күрес нәтиже береді дейді. Жаңа заңға сай кез келген әлеуметтік желіге тіркелу үшін адам өзінің құжаттағы аты жөні мен жеке куәлігінің нөмірін теруі тиіс. Тіркелуші енгізген деректер расталған соң ғана оған желіден парақша ашуға мүмкіндік берілмек. Министр түркиялықтардың қауіпсіздігін сақтау үшін осындай қадам жасауға мәжбүр болғандарын айтты.
Акын Гүрлек, Түркияның Әділет министрі:
Егер әлеуметтік желіде біреу өз парақшасы арқылы қылмыстық әрекет жасаса, ол міндетті түрде жазасын алуы керек. Қазіргідей фейк аккаунт ашып алып, басқа адамдарға жала жауып, қоқан-лоқы жасауына жол берілмейді. Жаңа заң қолданысқа енген соң барлық аккаунт осы тәртіпке бағынуы керек. Бағынбаған парақшаларды жауып тастаймыз.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06