Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатта ұлы ойшылдың мұрасын зерделеуге, Түркістанды рухани туризмнің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамытуға бағытталған 37 шара қамтылған. Жоспарға сәйкес Қожа Ахмет Ясауи шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару, музей жанынан «Ясауитану» клубын ашу көзделген. Сондай-ақ туристік маршруттар әзірлеу, кесенеде ғылыми-реставрациялау және басқа да жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Бұған қоса, ЮНЕСКО мен ИСЕСКО шеңберінде Ясауи жылын немесе арнайы мәдени күндерді жариялау мәселесі пысықталмақ. Кешенді жұмыстардың басым бөлігім Түркістан қаласында өтеді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тәуелсіздік – ел дамуының алтын тірегі
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17
Ресейде автокөлік өндірісі құлдырады
13.11.2026, 17:15
Microsoft сервистерінде ақау тіркелді
13.11.2026, 17:13
Украинаға қатысты келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
13.11.2026, 17:12