Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
Жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аяқталды. Оның орнына жас отбасылар және мамандар үшін өзінің жеке пәтеріне қол жеткізуіне арналған басқа механизмдер ұсынылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ақпаратқа сай, жоба бастапқыда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы жас мамандарды қолдаудың уақытша тетігі ретінде іске қосылған. Қатысушылар бірнеше жыл ішінде өз пәтеріне ақша жинап алуы үшін «баспана» сатып алу құқығынсыз жалға берілді. Бағдарлама жұмыс істеген уақыт ішінде 10 мыңнан астам жас оның игілігін көрді. Аида Балаева - бұл бағдарламаның орнына жастарға басқа мүмкіндіктер, яғни «Отбасы банкі» арқылы жеңілдетілген ипотекалар мен «Отау», «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» бағдарламалары ұсынылатынын мәлімдеді. Ал босатылатын тұрғын үй қорын одан әрі пайдалану мәселесі тұрғын үй заңнамасына және белгіленген кезекке сәйкес шешіледі, деді.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі:
Ең маңыздысы, мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Қосымша жаңа, тұрақты бағдарламалар ұсынылды. Мәселен, «Отбасы банкімен» бірлесіп, 17 өңірде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылды. Соның аясында 12 мыңға жуық жас маман жаңа пәтерге ие болды. Оның 1,6 мыңнан астамы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы