Министр: Кінәлілер жауапкершіліктен жалтара алмайды
Алматыдағы резонанстық жол-көлік оқиғасынан кейін Ішкі істер министрлігі ел аумағында шараларды күшейтті. Әл-Фараби даңғылы бойындағы жол апатына қатысты тергеуді жеке бақылауына алған министр Ержан Сәденов «ешкім де мәртебесіне, лауазымына және байланыстарына қарамастан, жауапкершіліктен жалтара алмайды», деп мәлімдеді. Сонымен қатар, бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі сот шешімімен қазір қамауда. Ал қызметте жіберілген кемшіліктер үшін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы үн қосты
29.08.2026, 20:19
Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары бір кітапқа жинақталған
29.08.2026, 20:13
Елде «Таза жағалау» акциясы өтті
29.08.2026, 20:12
Өңірде биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді
29.08.2026, 20:10
Әйел курьерлерді қолдауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады
29.08.2026, 20:09
Ауыл мектебіне 34 миллион теңге грант берілді
29.08.2026, 20:07
Қылмыстың жалпы деңгейі 10 пайызға төмендеді
29.08.2026, 20:06
Қытай 6G интернетті сынақтан өткізіп жатыр
29.08.2026, 20:05