Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
Әлем нарығында мұнай бағасы қымбаттап жатыр. Соңғы мәліметке сүйенсек, «қара алтынның» батыс техастық сұрыбының құны 11 пайызға өсіп, 112 долларға жуықтады. Ал халықаралық стандартқа сай саналатын Brent маркалы шикізат баррелінің бағасы 8 пайызға жуық көтеріліп, 109 долларға жетті. Сарапшылардың пікірінше, көмірсутегінің қымбаттауына АҚШ президентінің соңғы мәлімдемесі себеп: Дональд Трамп айтқандай, Иранға қарсы әскери операциялар жалғасып жатыр. Әрі Құрама Штаттар жетекшісі соғыстың аяқталу мерзімін атамағаны өз алдына, әлем мұнайының 20 пайызы өтетін Ормұз бұғазын қайта ашудың жоспарын да ұсына алмай отыр. Бұл стратегиялық су жолын Тегеран АҚШ пен Израильдің шабуылдарына жауап ретінде жапқаны белгілі.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06