Астанада ерекше балалар концерт берді
«Күн баршаға шуағын шашады». Осындай атаумен бүгін Астанада ерекше балалар концерт берді. Қайырымдылық шара бүгін, яғни 2 сәуір – аутизм мәселесі жайлы бүкіләлемдік ақпарат тарату күніне арналды. Қатысушылардың барлығы өнерлі. Бірі фортепианода еркін ойнаса, енді бірі ән шырқап, ерекше талантымен көпті таңғалдырды.
Бұл – кішкентай өнерпаздардың «Астана-Опера» театры сахнасында алғаш өнер
көрсетуі. Бір кездері қатарынан қалдырмауды армандаған ата-ана баласын ортаға
бейімдеп, енді, міне, үлкен сахналардан көріп жүр. Әрқайсысынан нағыз әртіске
тән концерт алдындағы толқу, сахнаға
деген құштарлық пен жауапкершілік сезіледі. Арасында ерекше талантымен бұрыннан
танылып жүргендері бар. Қайырымдылық концерт осымен бесінші рет өтіп отыр. Өнер
көрсетуге еліміздің төрт өңірінен 60-та аса бала келді. Бұл тек қана өнер емес,
олармен жұмыс істейтін мамандардың қажырлы еңбегі мен ата-ананың үздіксіз
ізденісі, дейді ұйымдастырушылар.
Дархан Ажмолдаев, ұйымдастырушы, ерекше баланың әкесі:
Сөйлемейтін баланың да мықты тұсы болады. Мүмкін баланы сурет салып дамыта ма, спорт жағынан жақсы ма - әуелі көріп, сол жағын дамыту керек. Біз осы Астана қаласынан, басқа да қалалардан талантты ән айтатын, билейтін, инструментте ойнайтын балаларды шақырып, концерт ұйымдастырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы