Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталды: Борышкерлерді қандай жаза күтіп тұр?
Ел бойынша көлік салығынан бюджетке 84,9 миллиард теңге түсті. Мұны Мемлекеттік кірістер комитеті таратты. Дегенмен республика бойынша 3,9 миллион салық төлеушіге жалпы сомасы 125,9 миллиард теңге салық есептелген. Демек көлік салығын төлемегендер аз емес. Бүгіннен бастап оларға өсімпұл қосылады. Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады - тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін. Азаматтар салық сомасын kgd.gov.kz порталы,«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы тексере алады. Салыққа қатысты кез келген сұрақ бойынша мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Ұлдана Сүлеймен, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының сарапшысы:
Егер борышкер сомасы 1 АЕК асқан жағдайда, хабарламаны алғаннан кейін бір ай ішінде салық міндеттемесін орындамаған борышкерге берешекті өндіріп алу таралы салық бұйрығы жіберіледі. Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, ол мәжбүрлеп орнату үшін жеке сот орындаушысына жолданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы