Басты Жаңалықтар Ақын Ә.Әбілтайдың «Сөз киесі» кітабы таныстырылды

Ақын Ә.Әбілтайдың «Сөз киесі» кітабы таныстырылды

Бүгін Астанада ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбжан Әбілтайдың «Сөз киесі» атты жаңа кітабы таныстырылды. Бұл шара қаламгердің 75 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылды. Алдымен Мемлекет басшысы құттықтау хаты оқылды, онда Президент қоғам дамуына және әдебиет пен мәдениеттің өркен жаюына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Қаламгердің бұған дейін он шақты басылымы жарық көрген, ал «Сөз киесі» - автордың көпжылдық шығармашылық ізденісінің жиынтығы.Төрт бөлімнен тұратын еңбекте оның ой-толғамдары, өзекті мәселелерді қозғаған публицистикалық мақалалары, түрлі басылымдарда жарық көрген жүрекжарды жазбалары мен арнаулары топтастырылған. Әбжан Әбілтай- қазақ әдебиетіне және оның көркем аударма саласына елеулі үлес қосқан ақын. Еңбек жолын аудандық газеттен бастаған ол ұзақ жылдар бойы облыстық «Торғай таңы» газетінде журналистік шеберлігін шыңдаған. Осы жылдар ішінде оның қаламынан талай салмақты басылымдар дүниеге келді. Сондай-ақ жазушы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында әлем әдебиеті классиктерінің туындыларын қазақша аударған.

Әбжан Әбілтай, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын:
«Сөз киесі» деген, мен негізі біріншіден ақын адаммын. Содан кейін барып, журналистиканы айтуға болатын шығар. Мен туғаннан ақынмын деп есептеймін. Сөздің төркінін, киесін, қасиетін бір адамдай түсінемін. Жалпы, бүкіл менің шығармашылығым сөзге, өлеңге арналған. Оны оқыған адам ғана түсіне алады.
Мәди Айымбетов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Екінші қыры – қазақ заң терминологиясын қалыптысатыруға көп еңбек сіңірген адам, қайраткер. Соның арасында жүріп творчествомен айналысты. Қазақ өлеңіне, қазақ жырына әлі де қаламы мұқалмай, еңбек ете берсін дейміз.


Бөлісу