Санкт-Петербургте қазақ мәдениетінің көрмесі ашылды
Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі бейнеленген көрме ашылды. Экспозицияда қазақстандық жас суретші Талғат Досмановтың қылқаламынан шыққан 27 көркем туындыны көруге болады. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтеріндегі көрмені тамашалағандар жоғары бағасын берді. Картиналарда ұлттық құндылық айрықша көрініс тапқан. Соңғы жылдары бейнелеу өнеріне, қазақтың мәдениетіне шетелдіктердің тарапынан қызығушылық жоғары, дейді, - ұйымдастырушылар.
Асхат Мұқашев, Қазақстан Парламентінің ТМД парламентаралық Ассамблеясындағы
өкілетті өкілі:
Біз үшін басты міндеттердің бірі ұйымның заңнамалық жұмысын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты бекіту. Мұндай шаралар ТМД елдерін жақындастыратын нағыз мәдени көпірге айналады, қазақ мәдениетін өзге мемлекеттерге насихаттайды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06