Қазақстан мен Қытай тауар айналымы $48,7 млрд-қа жетті
Қазақстан Қытайға экспортты күшейтуде. Соңғы үш жылда екі жақтың тауар айналымы тұрақты әрі қарқынды өсіп келеді – 41 млрд доллардан 48,7 млрд долларға дейін артты. Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы форумында Қазақстанның шикізаттық емес экспортты ұлғайту, электрондық сауданы дамыту мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, Қазақстан озық әрі экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, бірлескен өндірістер құруға дайын екені айтылды. Бұл алаң қазақстандық экспортты Қытай нарығына ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі саналады. Форум аясында отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылып, онда елдің экспорттық әлеуетін және қазақстандық компаниялардың Қытай нарығына қатысуын кеңейтуге дайын екендігі көрсетілді.
Арман Шаққалиев, Сауда және интеграция министрі:
Бүгінде Қазақстаннан Қытайға үлкен көлемде тау-кен металлургия, мнай-газ саласы, агороөнеркәсіптік кешені өнімдері экспортталады. Жыл сайын өңіраралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп келеміз. Мәселен Шаньдун провинциясымен тауарайналым өткен жылы 6 миллиард АҚШ долларына дейін жетті.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21