Ақмола облысында «World Skills» чемпионаты басталды
Ақмола облысында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында өңірлік «World Skills» чемпионаты басталды.
Бір айға созылатын жарыстың алғашқы күні студенттер ауыл шаруашылық техникасын жөндеу және наубайхана ісі бойынша білімдерін сынады. Алдағы күндері дән мен оның өңделген өнімдерінің сапасын анықтау, құтқару жұмыстары, әлеуметтік-мәдени қызмет сияқты барлығы 67 құзыреттілік бойынша білімдерін ортаға салады. Кәсіби шеберліктерін сынауға облыстың 24 колледжінен шамамен 350 студент қатысуда. Үздіктері республикалық чемпионатқа жолдама алады.
Гүлназ Баязитова, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері:
Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жаңа демонстрациялық чемпионат агроботы. Сол бойынша жаңа демонстрациялық чемпионат көрсетіледі. Сонымен қатар әр колледжден келіп қатысқан студенттер өздерінің бір жыл бойы жалпы алған білімдерін бүгінгі конкурста көрсетіп, дәлелдемекші.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10