Израиль палестиналықтарды өлім жазасына кесе алады
Израиль парламенті терроризм үшін сотталған палестиналықтарды өлім жазасына кесу туралы заң қабылдады. Құжатқа Кнессет депутаттарының 62-сі қолдап дауыс берсе, 48-і қарсы болған. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху да бастаманы құптады. Жаңа заңға сай Израиль басып алған Батыс жағалауда лаңкестік шабуылдар үшін сотталған палестиналықтар 90 күн ішінде дарға асылады. Бұл үкімнің орындалуын 180 күнге шегеруге болады. Алайда қамалғандар жазадан босатылмайды. Құжатты Израильдегі әсіре оңшыл күштер алға тартқан. Еуропа елдері жаңа заңды сынға алып, ол демократиялық қағидаларға нұқсан келтіруі мүмкін деп мәлімдеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06