Басты Жаңалықтар ӨЭС-те 30-дан астам меморандумға қол қойылады

ӨЭС-те 30-дан астам меморандумға қол қойылады

Сәуірдің 22-сі мен 24-і аралығында елімізде Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында көтерген. Саммитке қазірдің өзінде 3 мыңға жуық қатысушы тіркелген. Оның мыңнан астамы - шетелдік сарапшылар.  Ауқымды шарада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі бірлескен декларация қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ, өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында 30-дан астам меморандумға қол қойылмақ. Бұған қоса, саммит аясында «RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесі ұйымдастырылмақ. Айта кету керек, аталған жиынды өткізуге Біріккен Ұлттар ұйымы және халықаралық қауымдастықтар қолдау көрсетіп отыр.

Мансұр Ошурбаев, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Саммит алаңдарында RES EXPO 2026 Халықаралық жасыл технологиялар көрмесін өткізу жоспарлануда, онда Орталық Азия елдерінің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін енгізілетін және енгізілетін технологияларды ұсынылады.

Саранго Раднарагча, БҰҰ Қазақстандағы үйлестірушісі:

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне сәйкес Азияда жылыну қарқыны шамамен екі есе жоғары. Ал Орталық Азия елдері бұл үрдістің салдарын қазірдің өзінде сезінуде. Қазақстан бұл алаңды әріптестік байланыс пен практикалық шешімдер үшін маңызды платформа ретінде қолданбақ. Самитте су ресурстары, биоалуантүрлілік, денсаулық сақтау, гендерлік теңдік, жастар, жасыл экономика мәселелері қозғалады.


Бөлісу