Ақмола облысында 11 мың студент тегін білім алып жатыр
Ақмола облысында 11 мыңға жуық студент тегін білім алып жатыр. Мәселен, колледждерде биыл 5900 студент, ал Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің 70 пайызға жуық студенті мемлекеттік грант есебінен оқиды. Жалпы, Қазақстанда барлық деңгейде тегін білім алу мүмкіндігі жаңа Конституцияда өзгеріссіз сақталып отыр. Шұғыла Әбілқасым мен Аружан Көрпебаева болашақта ағылшын-қытай тілінің маманы атанбақ. Екеуі де мемлекеттік грант иегерлері. Университеттің 3-ші курсында оқитын студенттердің GPA көрсеткіші жоғары. Бұл олардың Академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр шетелде тегін білім алуына мүмкіндік берді.
Шұғыла Әбілқасым, студент:
Мемлекеттен бөлінген грантты ұтып алып, өзім Польша еліне Гданьск қаласына, Гданьск университетіне барып бір семестр оқып келген болатынмын. Және 3-ші курста университеттің бөлінген грантымен Турция еліне Чанакалле қаласына, Чанакалле смарт университетіне бір семестрге білім алмасып, тәжірбе алмасып оқып келген болатынмын.
Шетелдің жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне қоса мемлекет студенттердің барлық шығынын өтеп берген.
Бізде Қазақстанда артықшылықтар өте көп. Корея елінде мен Сеул қаласындағы университетінде ЖОО білім алдым. Ондағы көп студенттер ақылы түрде оқиды. Ал бізде Қазақстанмен салыстырғанда бізде керісінше ақылы оқитын студенттер саны аз. Яғни бізде барынша студенттерді тегін білім алуға және мамандығын нақты білетін теориялық және тәжірибе алуына мүмкіндігін қосып отыр.
Биыл елдегі жоғары оқу орындарында 77 мыңнан астам бірінші курс студенті тегін білім алуда. Мемлекеттік гранттың басым бөлігі, яғни 60%-ы техникалық, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға бөлінген.
Қазіргі күні 8 мыңға жуық білім алушылар оқып жатыр. Олардың ішінде 4 мыңнан астам мемлекеттік грант иегерлері. 1400 студент «Серпін» бағдарлама арқылы, ал 300 студент Ақмола облысының әкімінің гранты бойынша білім алып жатыр. Сонымен қатар президенттің стипендияны алатын студенттеріміз де бар.
Көкшетаудағы жоғары техникалық колледжінде өзге өңірлердің ірі кәсіпорындары бөлген грантты иеленген студенттер де тегін оқып жатыр. Себебі, шетелдің Сингапур, Корея және Қытай сияқты дамыған елдерімен халықаралық ынтымақтастық орнатқан оқу орнының материалдық-техникалық базасы мықты.
«Жарқын болашақпен» түскен студентпін. Стипендия, жолақысын, общағасы да барлығы тегін оқу орны да тегін. Өзім автоэлектрика мамандығын таңдап түстім. Қазіргі жұмыс істеп жатқаным, диагностика, сварочный сосын автоэлектрика. Керекті жағдайлар жасалған. Топ 10-ның ішіне кіретін колледж.Ақмола облысы бойынша 27 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы бар. Онда бүгінде 6 мыңға жуық студент мемлекеттік грант пен арнайы квота негізінде білім алуда.
Ақмола облысы бойынша 27 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы бар. Онда бүгінде 6 мыңға жуық студент мемлекеттік грант пен арнайы квота негізінде білім алуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы