Басты Жаңалықтар WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті

WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазы ашылмаса да, Иранға қарсы соғысты аяқтағысы келеді. Мұны Американың «Wall Street Journal» газеті хабарлады.

Басылымның дерегінше, Трамп Ислам Республикасының теңіз флоты мен ракеталық арсеналына аяусыз соққы берілді деп есептейді. Сондықтан ол сауда жолын қайта ашу үшін Тегеранға енді дипломатиялық тәсілмен қысым жасауды көздеп отыр.

Бірер сағат бұрын осы мәселеге қатысты АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио түсініктеме беріп, Ормұз бұғазының «ерте ме, кеш пе» қайта ашылатынын мәлімдеді.

Әрі бас дипломаттың сөзінше, Иран дүниежүзі мұнайының 20 пайызы өтетін су жолын бөгей берсе, АҚШ пен оның одастастарының ғана емес, бүкіл әлемнің қарсылығына тап болады. Айта кетсек, Трамптың Таяу Шығыстағы әскери операцияны тәмамдағысы келетіні жайлы хабар тарағаннан кейін Brent маркалы мұнай 1 пайызға арзандап, 111 доллар 56 центке сатылып жатыр.


Бөлісу