Ресейде бірнеше өңірде су тасып жатыр
Ресейдің бірнеше өңірінде су тасып жатыр. Дағыстан және Шешенстан республикаларынан бөлек, Башқұртстан мен Иркутск, Краснояр және Мәскеу облысында да сел жүріп, көшелер мен үйлерді су басты. Клязьма, Угра, Днепр өзеніндегі су арнасынан асып, төтенше жағдай жарияланды. Осы көктемде 16 өңірде су тасқыны болады, дейді мамандар. Себебі биыл қыста қар әдеттегіден көп жауған. Оның үстіне кей өңірде гидротехникалық станциялар ескірген. Ал Дағыстанда әлі 110 мың адам жарықсыз отыр.
Бахтияр Уллаев, Дағыстан республикасы Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі:
Күшейтілген жұмыс режиміне көштік. Бірыңғай оператор іске қосылды. 48 техникамен мамандар су, жарық беруге жұмылдырылды. Жақын күндері су мен жарық беріледі деген үміттеміз. Кей аудандарда бұл жұмыстар созылып кетті.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17