Басты Жаңалықтар 83,3 шақырым жолды қарғын су басу қаупі бар

83,3 шақырым жолды қарғын су басу қаупі бар

Биыл республикалық маңызы бар күрежолдағы 200-ден аса су өткізу құбыры жөнделеді. Қазір елде қарғын су басуы мүмкін 184 учаске бар. Олардың жалпы ұзындығы 83 шақырымнан асады. Сондықтан жол мамандары су өткізу құбырларын тазалау, қажетті материалдар қорын жинақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе еліміздің батысы мен шығысында, сондай-ақ солтүстік пен орталық өңірлері ерекше бақылауға алынған. Соған қарамастан еріген қар суы 2 учаскені шайып кеткен. Қазір аталған аумақтар жөнделіп, жол қозғалысы қайта қалыпқа келген. 

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы:

2025-2026 жылдардың қысқы кезеңі күрделі ауа райымен ерекшеленді. Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде температура жиі нөлден жоғары және төмен ауысып отырды. Су тасқыны жағдайы жыл сайын өзгеріп отырады. Кейбір жаңа қауіпті учаскелер бұрын қауіп тіркелмеген жерлерде де пайда болуы мүмкін.

Қазіргі күні «ҚазАвтоЖол» теңгеріміндегі 25 мың шақырым жолда 1,429 көпір, 15,458 су өткізу құбыры бар. Қауіптің алдын алуға 988 техника тартылып, арнайы бригадалар жұмылдырылған. Жолдағы қауіптің алдын алу мақсатында 24 мыңнан астам жол белгісі, 5 мың сигналдық бағана орнатылмақ. Сондай-ақ бірқатар учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Бөлісу