Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 22 дрон арқылы экологиялық ахуал бақылауға алынды

Ақмола облысында 22 дрон арқылы экологиялық ахуал бақылауға алынды

  1. Ақмола облысындағы экологиялық ахуал 22 стационарлық және бір мобильді дрон арқылы бақылауға алынды. Сөйтіп рұқсат етілмеген қоқыс орындары дер кезінде анықталып, жойылуда. «Қалдықсыз әлем» тұжырымдамасының өзге өңірлерде қалай жүзеге асып жатыр. Келесі материалда.
  2. Өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 458 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 409-ы жойылды. Бүгінде экологиялық мониторингті «Smart Aqmola» мекемесі белсенді қолға алды. Дрондар күніне екі рет ұшырылады.
  3. Еріктілер саябақты қоқыстан тазартты
  4. «Қоқыссыз әлем» акциясы аясында Петропавл қаласында еріктілер орталық саябақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Акцияға 30-дан аса адам қатысты. Жыл басынан бері облыста 300-ден астам сенбілік ұйымдастырылды.
  5. Қарағанды облысы Теміртау қаласында да эко-белсенділер қаланың негізгі көшелерін тазартты. Тұрғындар ең көп жүретін аймақтар мен саябақ, свкерлер ретке келтірілді.
  6. Қалдық кәдеге жаратылады
  7. Ақтөбедегі Шығанақ Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ғалымдары қураған жапырақтың өзін кәдеге асыруда. Оны малдың көңі мен құс саңғырығына қосып, арасына калифорния құртын жібереді. Бұл тәсілмен өңделген топыраққа егілген бақша мол өнім береді.
  8. Жастар арасында EKO-QUIZ ұйымдастырылды
  9. Маңғыстау облысының Қарақия ауданында жастар арасында EKO-QUIZ зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен жарысқа 6 команда қатысып, қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларын таныстырды.
  10. 10 ірі экологиялық жоба жүзеге асырылмақ
  11. Ал Сыр өңірінде экологиялық 10 ірі жоба қолға алынды. Мәселен, жеке кәсіпкердің инвестициясы есебінен биыл қағаз және шыны қалдықтарын сұрыптап, қайта кәдеге жарату көзделген. Ал Оңтүстік Кореялық инвесторлар полигон қалдықтарынан электр қуатын өндірмек.
Бөлісу