Трамп Харг аралын басып алғысы келетінін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мұнайын иелену үшін осы елдің Харг аралын басып алғысы келеді. Мұны Құрама Штаттар жетекшісі Британияның «Файниэншл таймс» газетіне берген сұқбатында ашық мәлімдеді.
Харг арқылы Ислам Республикасы мұнайының 90 пайызы экспортталады. Егер стратегиялық арал Американың бақылауына өтетін болса, Иранның энергетикалық саудасы тоқтап, ел экономикасы күрт құлдырауы мүмкін.
Дегенмен кейбір сарапшылардың пікірінше, АҚШ жаяу әскердің күшімен Харкты жылдам жаулағанымен, кейіннен америкалық жауынгерлер ракеталар мен дрондардың соққысынан қырғынға ұшырап, соғыс тіпті созылып кетуі ықтимал.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06