Иран үш елге Ормуз бұғазын пайдалануға рұқсат берді
Таиланд, Пәкістан мен Малайзия Ормуз бұғазы арқылы өз мұнай танкерлерін өткізуге рұқсат алды. Бұған Иранмен жеке жасалған келісімдерден кейін қол жеткізген. Тегеран АҚШ пен Израильдің шабуылынан кейін бұғаз арқылы кемелердің өтуіне тыйым салған еді. Бұған дейін «Блумберг» агенттігі Вашингтонның Тегеранға берген бейбіт жоспарының мәтінін жариялады. Құжатта Ормуз бұғазы еркін кеме қатынасы аймағы болып қалуы керек делінген. Иран бұл талапты қисынсыз деп тауып, орындаудан бас тартқан. БҰҰ бұғаз төңірегіндегі жағдайға қатысты жұмыс тобын құрды. Ал Иран аталған ұйымның өтінішіне сай гуманитарлық кемелердің өтуін жылдамдату үшін шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06