Басты Жаңалықтар Иcламабад АҚШ-иран келіссөзін өткізуді ұсынды

Иcламабад АҚШ-иран келіссөзін өткізуді ұсынды

Пәкістан астанасы Исламабадта Иран, АҚШ пен Израиль арасындағы соғысты, өңірдегі шиеленісті тоқтатуға бағытталған келіссөздер өтті. Жоғары деңгейдегі кездесу Мысыр, Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері арасында өткен. Делегаттар соғыстың тез және тұрақты тоқтауы, АҚШ-Иран келіссөзін өткізу жайын талқылаған. Пәкістан Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөзді Исламабадта өткізуді ұсынды. Әзірге тараптар бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Ал Пентагон болса, Иранда құрлық операциясын бастауға дайындалып жатыр. Ол бірнеше аптаға созылуы мүмкін. «Washington Post» газеті осылай деп жазды. Әскери кемемен Таяу Шығыс өңіріне 3500 америкалық сарбаз жеткен. «New York Times» басылымының хабарлауынша, өңірдегі америкалық әскер саны 50 мыңнан асып кеткен. Дегенмен Трамп құрлық операциясын құптай ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Иран болса, америкалық сарбаздарға оқ жаудыруға, тойтарыс беруге дайын екенін мәлімдеді. 

Бөлісу