Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
100 жылдық тарихы бар түркиялық «Фенербахче» футбол командасының Қазақстандағы жанкүйерлері Ыстанбұлға барып клуб басшыларымен кездесті. Олар Қазақстандағы фан-клубтарын ресми түрде тіркегендіктерін, алдағы уақытта футбол академиясын құру жоспарлары бар екенін айтты. Өз кезегінде түркиялық спорт клубының басшылығы бауырлас елдегі жанкүйерлерінің бұл бастамасын жылы қабылдап, қолдан келгенше көмек көрсететіндіктерін жеткізді. Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың спорт саласында да нығаюы бауырлас елдердің қарым-қатынасын одан әрі нығайта түседі деді тараптар.
Тажеттин Хамал, Қазақстандағы «Фенербахче» фан-клубының басшысы:
Біз Қазақстанда ресми түрде «Фенербахче» фан клубын құрдық. Сол клубқа мүше 31 адам арнайы Түркияға келдік. Біздің мақсатымыз Қазақстан балаларын спортқа баулу үшін академия құру. Сол академияны бітірген балаларды Фенербахче клубына жібергіміз келеді.
Садреттин Саран, «Фенербахче» спорт клубының президенті:
Бүгін Қазақстаннан келген қонақтарымыз, Фенербахче жанкүйерлерін қарсы алдық. Маған осындай керемет шапан жапты. Қазақстанды қатты жақсы көреміз, баршаңызға сәлем жолдаймын.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27