Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Трамп шабуыл мерзімін шегерді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы беру мерзімін 10 күнге шегерді. Бұл уақытта Тегеранмен келіссөз жүргізуді көздеп отыр. Трамптың айтуынша, мұндай шешім Иран үкіметінің өтінішінен кейін қабылданған. Алайда мұны Тегеран жоққа шығарды. Мұның алдында Ақ үй басшысы Ормуз бұғазы 48 сағатта ашылмаса, Иранның электр станцияларын жоятынын айтып, сес көрсеткен еді.

Зеленский Парсы шығанағы елдеріне дрондарды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясына күтпеген сапармен барды. Джидда қаласында ол корольдіктің ресми өкілдерімен және тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен кездесті. Бұған дейін Зеленский Парсы шығанағы елдеріне қауіпсіздікті күшейту үшін украиналық дрондарды ұсынған еді. Қайтарымы ретінде Таяу Шығыс мемлекеттерінен көмек күтетінін де атап өтті.

Халықаралық Олимпиада комитеті жаңа ереже енгізді

Халықаралық Олимпиада комитеті әйелдер жарыстарына жаңа ереже енгізді. Трансгендер спортшылардың Олимпиадаға қатысуына тыйым салды. Аталған орган атлеттердің биологиялық жынысын бірреттік тестілеу арқылы анықтамақ. Жаңа ереже 2028 жылы күшіне енеді. Сол жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындары өтеді.

Сакура гүлдеді

Токиода сакураның гүлдеу маусымы ресми түрде басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл сәтті тамашалап, табиғат аясында демалу үшін Уэно саябағына жиналған. Шие ағашы биыл әдеттегіден 5 күн ерте гүлдеген. Бұған ақпанның ортасынан бастап күннің жылынуы себеп болған.  


Бөлісу