Трамп мәлімдемесінен кейін мұнай 1%-ға арзандады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы беру мерзімін сәуірге қалдырды. Сондағы мақсаты – Тегеранмен соғысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізу.
Трамптың сөзінше, шабуылға он күн үзіліс жариялау жайындағы шешім Ислам Республикасының өтініші бойынша қабылданды. Алайда, қарсы жақ мұны жоққа шығарып отыр.
Айта кетсек, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы төрт апта бұрын басталып, бүкіл Таяу Шығысқа тарап, мыңдаған адам қаза тапты. Қарулы жанжалдан жаһан экономикасын теңселіп, энергия бағасы көтеріліп, дүниежүзіне қымбатшылық қаупі төніп тұр.
Соңғы мәліметке қарағанда, Трамптың мәлімдемесінен кейін әлем нарығында Brent маркалы мұнай 1 пайызға арзандап, 107 долларға дейін төмендеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06