Қара теңізде Сьерра Лионеде тіркелген түркиялық танкерге шабуыл жасалды
Қара теңізде Сьерра Лионеде тіркелген түркиялық танкерге шабуыл жасалды. Босфор бұғазына 24 шақырым қалғанда Ресейден мұнай әкеле жатқан кемеге пилотсыз теңіз катері соғылып, жарылыс болған. Танкердің капитан бөлмесі мен механикалық бөлігі зардап шеккен. Кеме бортында болған 27 түрік азаматы аман. Бұл мәліметті Түркияның көлік министрі растады. Қазір оқиға орнына түркиялық құтқарушылар барып, кеме экипажын қауіпсіз жерге тасымалдап жатыр. Танкер Ресейдің Новороссиск портынан шығып, Ыстанбұлға бет алған. Оның бортында 140 мың тонна шикі мұнай болған. Қазір кемеге нақты қай елдің шабуыл жасағаны анықталып жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар елге оралды
05.11.2026, 20:30
Қос ауыл тегіс түйе шаруашылығымен айналысады
05.11.2026, 20:24
Елімізде 7 жылда 625 кәсіпорын іске қосылды
05.11.2026, 20:22
Алматыдағы 27 нысан мемлекет қорғауына алынуы мүмкін
05.11.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2026, 20:11
Әлеуметтік жобарларды іске асыру – басты назарда
05.11.2026, 20:09
Қазақстан электр қуатын артығымен өндірмек
05.11.2026, 20:08
Ұлттық банк 2028 жылға дейін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендетуді көздейді
05.11.2026, 20:06