Басты Жаңалықтар Ресейде санкцияның салдары күшейіп барады

Ресейде санкцияның салдары күшейіп барады

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-санкциялар пакетін әзірлеуде. Ал іргелес елде экономикалық шектеулерге байланысты азық-түлік, техника, коммуналдық төлемдер бағасы тағы өсіп, рубль құлдырады. Бірінші жарты жылдықта инфляция 11 пайыздан асуы мүмкін,  дейді мамандар.

Соңғы санкциялар пакетінде Ресейдің 22 ірі банкі қара тізімге енгізілген. Сонымен қатар «көлеңкелі флот» деп аталатын Ресейдің тағы 105 кемесіне мұнай тасымалдауға шектеу қойылды. Бұл қазынаға түсетін қаражаттың қысқаруына әкеледі.

Варвара Немова, РФ қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия сарапшысы:

Соңғы уақытта Ресейдің мұнайына шекті баға төмендетілді. Бұл да экономиканы тығырыққа тіреді. Жалпы6 мұнай саласында дағдарыс басталды. Себебі санкция логистикаға кері әсер тигізуде. Оған қоса ірі кен орындары таусылуға жақын. Бұрынғыдай өндіріс қуаты жоқ.

Ресейдің мұнай кәсіпорындарының 40 пайызының жұмысы уақытша тоқтатылды. Отандық кәсіпорындар тәулігіне өндіретін мұнайды 180 мың бөшкеге қысқартты, яғни бір айда 200 мың баррель қара алтын жоғалтып отыр. Ал соңғы санкциялар пакетінде Ресейдің бағалы металдарын экспорттауға шектеу қойылмақ.

Дмитрий Новиков, сарапшы:

АҚШ санкциялары да Ресей экономикасына айтарлықтай әсер етуде. Еуроодақ пен Ресейдің сауда айналымы азайып, алыс-беріс қысқарды. Сондықтан АҚШ және Еуроодақ тарапынан экономикалық шектеулер көбейеді, ел экономикасы бұған дайын болуы тиіс, кәсіпорындарға субсидия керек.

Жаңа санкциялар пакетіне ірі мұнай компаниялары енгізіліп, Ресейге шетелдегі банктерге транзакцияларға толық тыйым салу қарастырылған. Шектеулерге байланысты Ресей бюджеті жыл сайын ең кемі 7 миллиард доллар жоғалтады деген болжам бар.


Бөлісу